Өлім ойыннан сақтан!
«Синий кит», «Тихий дом», «Позвони мне в 4:20» ҚАУІПТІ ойындары есіңізде ме?
Бұл "В Контакте", "Телеграмм" желілері арқылы жасөспірімдердің санасын улап, суицидке итермелейтін ойын.
Ойынның басты мақсаты: әлеуметтік желі арқылы құрбандарын тауып, қауіпті тапсырмалар беру. Сол арқылы баланы ӨЛІМГЕ итермелеу.
Ойын құрбандарының саны: Қазақстанда-16, Ресейде 130 адамға жуық.
Көп уақыт бойы бұл ойынға нүкте қою мүмкін болмады. Себебі, әлеуметтік желілердегі провайдерлері шетел мемлекеттері болғандықтан.
⠀
Бірақ, күні кеше аталмыш суицидті насихаттайтын топтың «кураторы» ұсталды. Ол Арыс қаласының тұрғаны. Қазір ол қамауда. Күдіктінің қанша жасөспірімді арбауына түсіргені әзірге белгісіз.
⠀
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Балалар-қоғамның ажырамас бөлігі. Олар-тұлға, интернетте әсіресе. СОНДЫҚТАН, балаңыздың қандай әлеуметтік желіде отыратынын бақылауда ұстаңыз. (8-16 жастағы балалардың 58 % ата-анасынан интернет әлеміндегі өмірін жасырады.)
Балалар интернет-алаяқтардың жиі құрбаны болады. #медиасауаттылық #факт-чек #сыникөзқарас -пен таныс болмағандықтан.
⠀
КЕҢЕС: балаңызға интернеттегі ақпаратқа сүзгі жасауды үйретіңіз. Оның ақпаратты оқып қана қоймай, анализ жасай алуы қажет. Онымен сырласыңыз. Үйіңізде балаға қажетті атмосфераны сақтаңыз.
#үшнүкте
Осы тақырыпты талқылау: https://www.instagram.com/p/CBlHEkNARrQ/