ТИК-ТОК феномені
Тарих сыр шертсе:
Тик-Токтың алғашқы нұсқасы Қытай да жасалған, аты Doulın. Қысқаметражды бейнероликтер жүктелетін қосымша бірден танымалдылыққа ие болды. Сондықтан ByteDance компаниясы батыс елдеріне бағдарламаның аналогын жасады. Басты айырмашылығы: Doulın серверлері тек Қытайда ғана жұмыс істейді және жергілікті цензураға бағынады. Ал Тик-Ток қолданылатын елдің заңнамаларына бағынады.
Бүгінде Тик-Ток әлемдегі ең танымал қосымшалар қатарында.
Таңғажайып нәтижие:
Тик-Ток расында керемет нәтижеге қол жеткізді. Instagram мен Youtube дәуірі асқақтап тұрған шақта, қандай жаңа платформа құруға болады? Десе де Тик-Ток басшылары: «шынайлықпен оздық»-, дейді.
Көп қолданушылар Instagram мен youtube-та шынайылық аз дейді. Ал тик-ток-та бәрі керісінше: минимализм, шынайылық, жарнаманың жоқтығы не болмаса аздығы.
Ерекше алгоритмдер:
Тик-Ток танымалдылығын арттырған-ерекше алгоритм. Фолловерлер саны мұнда маңызды емес. Танымалдылық «рекомендацияға» шығумен байланысты. Оған тап болу, басқа платформаларға қарағанда оңай. 1 миллион қаралым жинаған видеомен қатар 100 қаралым жинаған видеода бұл тізімге кіре алады.
Сондай-ақ алгоритм өте ақылды: сізге 1 мәрте ұнамаған ролик, екінші мәрте лентаға шықпайды.
Аудитория:
Тик-Ток тек балалар мен жасөспірімдерге арналған деген ой қалыптасқан. Шын мәнінде 50 % астам қолданушылар 18-34 жас аралығындағы адамдар.
2019 жылы Тик-Ток құрастырушылары, желіде ешқандай саяси жарнамаға жол берілмейтіндігін айтқан болатын. Бірақ бүгінде саяси бейнероликтерді іздесеңіз, сөзсіз таба аласыз.
Қазір Тик-Ток ең қарқынды дамып жатқан платформа.Мұның құпиясы монтаждау технологиясының ыңғайлығында, инстаграм желісіне бәсекелес бола алуында.
TikTok жасөспірімдер арасында танымал. Бағдарламаны жалпы саны 1 миллиард рет жүктеген. Салыстыру үшін: былтыр TikTok-ты 663 млн рет, Facebook-ты 711 млн, ал Instagram-ды – 444 млн рет жүктеген.
TikTok-тың осынша кең қолданылуына Үндістан айтарлықтай әсер етті. Себебі үнді жастары өздерінің музыкалық және би қабілетін көрсетуге құмар. Үндістан қолданушылары TikTok-тың төрттен бір бөлігін құрайды екен.